Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттады
Қазақстанда пәтерлер қымбаттады. Бұл Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы қаңтардағы мәліметтерінен белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәселен, бірінші нарықтағы тұрғын үй үш пайызға, екінші нарықтағы пәтерлер айына бес пайызға қымбаттады.
Жылдық өсім алғашқы тұрғын үй бойынша 7,3 пайызды, екінші нарықта 17,9 пайызды құрады.
Ал жайлы тұрғын үйді жалдау ақысы 2,7 пайызға өсті.
Деректер туралы толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.
Krisha.kz-тің хабарлауынша, 2020 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша бір жыл ішінде Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы 17,2 пайызға өсті. Нұр-Сұлтанда өсім 3,6 пайызды, Алматыда 11,9 пайызды құрады. Ең үлкен динамика Петропавлда байқалды, атап айтқанда 28,7 пайызға өсті,. Сонымен қатар Павлодар мен Семейде - сәйкесінше 26,5 және 25,2 пайызға артты.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”