Қазақстанда нан қымбаттайды
Парламент азық-түлік келісімшарт корпорациясының резервінен қосымша ақша бөлуді сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Олар тауар нарықтарынан бидайды қосымша сатып алуды талап етті. Себебі бидай көлем жеткілікті болуы керек.
"Нұр Отан" партиясы фракциясы мүшелерінің айтуынша, бұл нанға ғана емес, жарма мен макарон өнімдеріне де бағаны тұрақтандыруға көмектеседі. Әйтпесе, азық-түлік нарығындағы сәбіз бен картоптың бағасы күрт көтерілген секілді бидай өнімдерінің де бағасы артады”, – деді Ғалым Әміреев.
Депутаттың айтуынша, ұнның бағасы өсті. 1-сорттың келісі 200 теңге шамасында. Бұл жаздағыдан 70 теңгеге жоғары. Сонымен қатар диірменшілерге шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын