Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мерт болған ресейлік әйел өлімінің себебі анықталды

Қазақстанда Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан ресейлік Мария Ким оққа ұшып көз жұмған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ол тәртіпсіздіктер кезінде қарулы адамдар оқ ата бастаған кезде жарақаттан қайтыс болды", — делінген хабарламада. БАҚ жарияланған ақпараттарда көрсетілген пышақ жарақаттары туралы деректер шындыққа жанаспайды.

Бұған дейін Қазақстандағы наразылықтар барысында Кимнің қайтыс болғаны туралы Ресей елшілігі хабарлаған болатын.

БАҚ әйелге жеті жерден пышақ сұғып, қосымша басынан тапаншамен оқ атқаны туралы дерек келтірген. Таразда бүлікшілер мақұм әйел жұмыс істейтін кофехананы тонамақ болған деп хабарланған еді.

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде үш баланың анасы – Ресей азаматшасы қаза тапты.

STAN.KZ
Сенбі, 15 Қаңтар, 2022 18:11
Талқылау