Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде үш баланың анасы – Ресей азаматшасы қаза тапты

Тараздағы тәртіпсіздік кезінде үш баланың анасы – Ресей азаматшасы қаза тапты. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығына Таразда 6 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде Ресей азаматшасы,  үш баланың анасы, 1995 жылғы М.В. Кимнің қарақшылардың қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Айтуынша, қылмыс әйел жұмыс орнын тастап кеткен сәтте жасалған.

"Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы марқұмның анасы, оның туыстары мен жақындарымен байланысқа шықты. Облыс басшылығына жағдайды бақылауға алу және марқұмның отбасына көмек көрсету туралы үндеу жіберілді. Консулдық марқұмның отбасына материалдық көмек көрсету мәселесімен айналысуда", – делінген хабарламада.

Ресей елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмысты жан-жақты тексеру қажеттігі туралы сауал жолдағаны айтылған.

"Қылмыскерлердің жеке басы анықталып, олар заң алдында жауапқа тартылып, заң аясында жазаланады деп үміттенеміз", –  деді елшілік.

Мария Тараздағы дәмхананың қызметкері болған. Тәртіпсіздік басталғанда жұмысшылар дәмхананың иесінен өздеріне көлік жіберуін сұраған. Бірақ жұмыс беруші келісім бермеген кқрінеді. 26 жастағы үш баланың анасы мекемені өзі жабуға мәжбүр болды. Осы кезде оны дәмхананы тонамақ болған тонаушылар қуып жеткен. Марияны 7 жерінен пышақтап, басынан ұрып кеткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр