Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды
Жақында ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстан билігі жеке кешін өткізуге тыйым салып жатқанын айтқан болатын. Сол мәлімдемеден кейін Алматыда әзілкештің концерті өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/maxgalkinru
Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 9 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін болды. Бұл туралы өнер иесінің продюсері Алексей Пучков өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті.
Айта кетейік, бұған дейін Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып, қазақстандық көрерменнен сәті түскенде қауышуға уәде берген болатын.

Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарғаны үшін ажал құшқан полицейдің жан жары оқиғаның мән-жайын айтты
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөптерді үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”