Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күзге дейін тіркелмеген армян көліктерінің иелері жазаға тартылады

Армениядан әкелген көліктерін кедендік шығынсыз тіркеуді талап етіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге дейін үндеу жариялаған ақтөбелік жүргізушілер өздері бас тартқан сары нөмірді амалсыз алып жатыр. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабаралайды. 

Сөздерінше, Қазақстанның азаматы бола тұра, көліктерін мәжбүрлі түрде уақытша тіркеуге қойғызып, сары нөмір беріп жатқан биліктің әрекеті дұрыс емес. Алайда полицейлер бұл Армения көліктерін жеңілдікпен тіркеу үшін жасалынған көмек дейді. Ал 1 қыркүйекке дейін тіркеліп үлгермеген шет ел көліктерінің иелері әкімшілік жазаға тартылады.

Бір жыл бұрын Армениядан автокөлік айдап әкелген Түгел  Кәріммолдаев көлігін тіркеуге қойғызып, уақытша берілетін сары нөмірді алуға құжаттар тапсырған. Сөзінше, полицейлер күнде үйіне көлігін тіркеуге қою туралы хабарлама жіберіп, маза бермеген. Ол шетелден әкелгін автокөлігін тіркеуге қойғанымен, сата алмайтынын айтады.

"Жол полициясы тоқтатып, ауыстырыңыз сары нөмірге, 1 қыркүйекке дейін ауыстыру керек деді. Негізі Қазақстанда жоқ, уақытша тіркеу бұл, өзіңде болады, ешкімге сата алмайсың. Қазақстан азаматына заң бойынша ақ нөмір беруі тиіс, ал олар сары нөмір беріп жатыр", - деді Түгел  Кәріммолдаев.

Ал полиция қызметкерлері Армения көліктері тек 1-ші қыркүйекке дейін жеңілдікпен тіркелетінін ескертеді. Екі аптадан кейін шетелден көлік әкелген азаматтар жеңілдікпен тіркеу жасай алмайды. Сөздерінше, осы шектеулі уақыт ішінде үлгермегендерге әкімшілік жаза да қолданылады. 

"Бұл жерде бірінші төлейтін алымдар жоқ, тек 12 мың теңгеге түбіртек төлеп, жаңа куәлік алып кетулеріне рұқсат беріледі. 1 қыркүйекке дейін тіркелмегендерге әкімшілік кодекстің 590-шы бабы 2-ші бөлігі бойынша шаралар қарастырылған. Сол бойынша айыппұл бар", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бөлім бастығы Еркін Өтегенов.

Яғни, екі аптада ішінде тіркеуден өтпеген жүргізушілер 27 780 теңге айыппұл төлейді. Қазір Ақтөбеге Армениядан алып келінген 3000-нан аса көліктің 1268-і тіркеуге қойылған. Ал рөлі оң жақта болғандықтан мыңға жуық көлік мүлде тіркеуден өтпеген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр