Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 800-ден асты
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.
Жалпы науқастардың саны 802 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында - 61 адам, Ақмола облысында - 61 адам, Атырау облысы - 45 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 9 адам, Қызылорда облысында - 104 адам, Батыс Қазақстан облысында - 6 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 802 науқас тіркелді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы