Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 науқас тіркелді. Ақмола облысында бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 14 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Алматы қаласында – 1 адам.

Ақмола облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 216 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 10 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 28 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 23 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 525 науқас тіркелді.


"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды

Талқылау