"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды
Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған науқас жайлы деректер жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке орай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген", - делінген ресми хабарламада.
Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды.
Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күнге коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам расталды.
Қазақстанда короавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетіп отыр.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?