Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан балаларға арналған бөлек емдеу хаттамасы жасалды
Денсаулық сақтау министрлігі балалар арасында COVID-19 індетін емдеудің клиникалық хаттамасын әзірледі. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрайымы, медицина ғылымының докторы Риза Боранбаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Риза Боранбаева Қазақстанда енді 3 хаттама болатынын атап өтті. Бірінші хаттама ересектерге, екіншісі жүкті әйелдерге, сондай-ақ үшінші хаттама балалар арасындағы COVID-19 індетіне арналған.
"Хаттама дайын, оны осы аптада қарастырып, бекітеміз деп ойлаймын. Атап айтқанда, балаларды емдеу жүріп жатыр, себебі COVID-19-дың диагностикасы мен ем-дом шаралары жалпы хаттамада болды. Қазір біз оны кеңейтіп, жүйелендірдік, сондай-ақ мультиқабыну синдромын (Кавасаки тәрізді синдром) енгіздік. Менің ойымша, хаттама апта ішінде бекітілетін болады", - деді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде Кавасаки синдромына шалдыққан балалардың саны 16-ға жеткені жайлы айтылған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"