Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус таратушыларды қылмыстық жауапкершілік күтеді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен ауыратын елдерден келетін және карантиннен бас тартатын азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әрине, кейбір жағдайларда азаматтар қайдан келгендерін жасырады. Өкінішке орай, бізде жауапсыз азаматтар бар. Біз бұл мәселені шешудің техникалық мәселелерін қарастырып жатырмыз", - деді Біртанов ОКҚ брифингінде.

Ол бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің арнайы жарлығы туралы айтты.

"Мен карантиннен бас тартқан немесе қашып жүрген азаматтарға жүгінгім келеді: бұл жерде әкімшілік жауапкершілік бар. Егер ол ауырып, басқа азаматтарды жұқтырса, заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертті министр.

Еске сала кетейік, 1А санатындағы елдерден, яғни Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италиядан келген азаматтар - 14 күн бойы міндетті карантинге жатады. 1В категориялы елдерден Франция, Германия және Испаниядан келгендер үйде 14 күндік карантин үшін оқшауланулары керек.

Талқылау