Қазақстанда қаржылық пирамида белгілері бар тағы бір компания анықталды
Ақтөбе облысында қаржылық пирамида белгілері бар компания анықталды. Олар өздерін "Crowd 1" халықаралық желілік ұйым ретінде таныстырып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, халықаралық желілік ұйым ретінде таныстырған пирамида ұйымдастырушылары тұрғындарға виртуалды жылжымайтын мүлікке инвестиция жасауды ұсынған.
"Тергеу нәтижесінде бағасы 99 еуродан 2 499 еуроға дейінгі ақ, қара, алтын түстес, титан деп аталатын пакет түрлері бар екені анықталды. Осылайша ұйымдастырушылар компанияға құйылған қаржыны бірнеше есе етіп қайтарып алуға уәде берген", - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметінде.
Қазір Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында қаржылық пирамида белгілері бар компанияның анықталғаны туралы хабарлаған едік.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”