Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері қаржы пирамидасының белгілері бар компанияның анықталғаны туралы мәлімдеді. Қазір "River Coin Limited" компаниясында тергеу жұмыстары басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қаржы пирамидасы

Қаржы пирамидалары қомақты қаржы салуды талап етіп, қысқа уақыт ішінде қайтарып алуға уәде береді. Сонымен қатар компанияның мемлекеттік лицензиясы болмауы да негізгі белгісі болып табылады.  

Қазір "River Coin Limited" компаниясында 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. 

Тергеу нәтижесінде компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесінің бар екені анықталды. Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған. 

Сонымен қатар "River Coin Limited" компаниясы ел аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген. Банк операцияларын жасауға, қаржы тартуға және сыйақы төлеуге лицензия мен рұқсаттары болмаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Талқылау