Қазақстанда қарапайым халыққа берілетін банктік несиелердің пайыздық мөлшерлемесі көтерілді
Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) 2024 жылы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда халыққа берген теңгедегі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8%-ға өсіп, 20,7% болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: newizv.ru
Құжатқа сәйкес, теңгедегі ең арзаны халыққа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілген несиелер – 18,7%, ең қымбаты – бір айға дейінгі мерзімге 33,2%.
- 82 миллиард теңге қарыз: Қазақстанда несие берешегі бар медициналық ұйым басшылары жауапқа тартылмақ
Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%-ға, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды. Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер болды – бес жылдан астам мерзімге – 19,6%, ең арзаны – бір айдан үш айға дейінгі мерзімге – 18,2%.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салу ұсынылғаны туралы жазған едік.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар