AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қан тапсыратын донорларға өтемақы көлемін алты есеге арттырады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақылы негізде қан мен оның компоненттерін өткізетін донорларға төленетін төлемдердің қағидаларына, мөлшерлеріне, сондай-ақ қанды немесе оның компоненттерін донациялауды тегін жүзеге асырған донорларға қатысты ережелермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қанды немесе оның компоненттерін ақысыз негізде донациялауды жүзеге асырған донорға тегін тамақтандырудың ақшалай баламасының мөлшері ұлғайтылады.

Енді бұл қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленгені бойынша, 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады.

Биыл өтемақы сомасы 4 375 теңге болмақ.

Бұрындары қан мен оның компоненттеріне донор болғандарға өтемақы түрі мен көлеміне қарамастан 0,25 АЕК - 729 теңге берілетін.

Төмен өтемақы (0,25 АЕК) қан донорларының әлеуметтік мәртебесіне теріс әсер ететін, беделін түсіретін фактор. Сонымен қатар ерікті донорлардың жетіспеушілігінен туындаған донорлықты насихаттауды күшейту қазақстандық қоғамдағы жағымсыз реакцияны арттырады. Осыған байланысты соңғы 5 жылда тіркелген донорлардың статистикасы 30%-ға қысқарды.


"Саусағын шайнап, сүйегін сындырып алады, бірақ ештеңе сезбейді": 2 жастағы қазақстандық сәби сирек дертке шалдыққан 


Мәселен, Ресейде тегін донорларға ақшалай өтемақы шамамен 1200 рубльді (6800 тг), Беларусьте 31,55 белорустік рубль ( 5 045 тг), Германияда донорларға университеттік клиникалардан табылады, онда бір донация үшін тегін тамақтанудан басқа 40 евро (20 200 теңге) дейін алуға болады.

"Қазақ тағамтану академиясы ҚБ" ЖШС ұсынымдарына сәйкес донорлар қан тапсыру күні азық-түлік жиынтығын шамамен 4790 ккал болатын тағам немесе ақшалай 1,5 АЕК (4375 теңге) алуы тиіс. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр