Қазақстанда "Халық әртісі" атағы қайта беріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің сессиясында Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлеріне “Халық әртісі” атағын беру қайта жалғасатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы елімізде мәдениетті дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын атап өтті. Ал бұл құжат саланы кешенді дамытуға, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.
"Мен Қазақстанның халық әртісі атағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Қазан айында Республика күні қарсаңында мәдениет қайраткерлерінің бірінші тобына бұл атақ беріледі", – деді президент.
Президент отандық креативті индустрияны да жүйелі түрде қолдау өте маңызды екенін алға тартты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі