Қазақстанда гигиеналық заттар күрт қымбаттады
Қазақстанда жуғыш заттар мен гигиеналық өнімдер бағасы күрт өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің дерегінше, 2022 жылдың желтоқсанында ыдыс жууға арналған өнімдер құны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,3%-ға қымбаттаған.
Кір жуатын ұнтақтар бағасы 41,3%-ға өссе, ал ванна мен қолжуғышты тазалауға арналған құралдар 32,3%-ға қымбаттады.
Гигиеналық заттардың бағасы да айтарлықтай өскен. Оның ішінде гигиеналық сабынның бағасы 51,3%-ға, тіс пастасы – 35,6%-ға, сусабын – 41,2%-ға, қол кремі – 28,3%-ға, бет кремі – 23,2%-ға, балалар сабыны – 53,1%-ға артқан.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады