AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда гигиеналық өнімдердің тапшылығы күтіле ме – Сауда министрлігі жауап берді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов логистика мен жеткізу географиясының өзгеруі тауар тапшылығына әкелмейтінін айтып, елде гигиеналық өнімдер тапшылығы жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сауда министрлігі экономистердің болжауымен Қазақстанда гигиеналық өнімдер мен тұрмыстық химия өнімдерінің жетіспеуі күтіледі деп айтылған пікірлерінің қаншалықты мүмкін екеніне жауап берді.

Министрдің айтуынша сараптамалық зерттеулер басқа сипатта болуы мүмкін. Бірақ тұтастай алғанда, жеткізу шарттары бүгінде өзгеруде.



"Логистика өзгеруде. Бұл азық-түлікке ғана емес, азық-түлікке жатпайтын ассортиментке де қатысты. Бірақ бүгінде гигиеналық өнімдерге қатысты ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпыз. Дистрибьюторлардың мұндай тауар түрлеріне жауап беруі оңайырақ", – деді Бақыт Сұлтанов.

Сауда министрлігі қант мәселесінде өндірушілер мен саудагерлерден теңгерім іздеу керек болса, гигиеналық өнімдер негізінен Қазақстан нарығына оңай импортталатынын атап өтті. Қазір Транскаспий бағыты тиімді жұмыс істей бастаған. 

"Біз бұл жерде ешқандай үзіліс күтпейміз", –  деп сендірді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр