Қазақстанда еуропалық стандарттарға сай үш футбол академиясы салынады
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Астанада журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff.kz
Марат Омаров 2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланған еді. Журналистермен алғашқы баспасөз мәслихатын өткізген жаңа басшы елімізде жаңадан футбол академиялары ашылатынын хабарлады.
“Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 3 академия салынады. Олар Тараз, Қарағанды және Астана қалаларында бой көтереді”, – деп айтып кетті Марат Омаров.
ҚФФ президенті әзірге бұл академиялардың қашан және қай уақытта салынатынын айтпады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

