"1 шаршы метріне 305 мың теңге": Қазақстанның қай қалаларында екінші нарықтағы тұрғын үйлер арзандады
Фото: pixabay.com
Krisha.kz сайтының аналитикасы бойынша Қазақстанда екінші нарықтағы пәтер бағасы төмендеп жатыр. Сәуір айында сайттағы пәтерлердің орташа бағасы бір ай ішінде 0,4%-ға төмендеп, 1 шаршы метр үшін 389,7 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баға төмендеген он қаланың ішінде ең үлкен құлдырау мына қалаларда байқалды:
- Ақтау – 2,2% (1 шаршы метріне – 387,7 мың теңге);
- Ақтөбе – 2% (309,7 мың теңге);
- Астана – 2% (517,8 мың теңге);
- Тараз – 1,8% (305,2 мың теңге);
- Алматы – 1,6% (751 мың теңге).
Тағы бес қалада пәтер бағасы 1%-ға дейін төмендеген.
Сонымен қатар тоғыз қалада тұрғын үй бағасының өсуі байқалды: Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған және Түркістанда өсім 1-1,3% аралығында болды.
2025 жылдың басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер орта есеппен 3%-ға қымбаттаған, әсіресе:
- Қостанай – +8%;
- Шымкент – +4,3%;
- Өскемен және Павлодар – +3,8%;
- Астана және Алматыда – +1%-ға өсті.
Соңғы бір жылда екінші нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы 6%-ға өсті.
Көшбасшы қалалар:
- Ақтау, Қостанай және Орал – өсім 9,6–10,5%;
- Астана – 7%;
- Алматы – 4,7%.
Ал Қарағанды мен Таразда өзгеріс шамалы – 2% шамасында ғана.
Алматыда қайталама нарықтағы үйлердің бағасы шарықтап кетті
Үш өңірде арзандады: Қазақстанның қай қалаларында пәтер бағасы төмендеді
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекеттен баспана алып, кейін оны жалға беретін алматылықтарға наразы. Әкімнің айтуынша, адал емес азаматтарға шағымданып, тұрғындардың мемлекеттен алған пәтерін қайтарып алу керек.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
