Қазақстанда еgov істен шықты
Қазақстан Республикасының электронды үкіметі істен шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда жүйедегі ақауларға байланысты азаматтарға электронды қызмет көрсетіліп жатқан жоқ. Алдағы уақытта олқылықтар жөнделіп, қажетті шаралар қабылданады.
"Құрметті азаматтар! Бүгін сағат 9:10-нан бастап ҚР ІІМ ӘПК-нің мамандандырылған ХҚО-да мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті сервистерінде уақытша қолжетімсіздік байқалуда. Қазіргі уақытта мамандар техникалық ақаулықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады электронды үкімет.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды