Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларға қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алуға тыйым салынбақ
Еліміздің сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін келушілерден 10 пайыздық төлем алуға тыйым салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com
Мекеменің кіреберісінде қызмет көрсету шарттары жазылған ұсыныс қағаз бар. Егер сіз дәмханаға кірсеңіз, ондағы талаптармен келіскеніңіз. Сонымен қатар қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Егер сізге қызмет көрсетілсе және оның ішінде қызмет ақысы да кірсе, сіз ешқандай қосымша ақы төлемейсіз. Қазір осындай ережелері талқылап жатырмыз”, – деді Арман Шаққалиев.
Министр мұндай өзгерістерді еліміздегі кейбір кәсіпкерлердің құп көрмейтінін айтты. Десе де, аталмыш өзгерістер қазан айынан бастап енгізілмек.
Бұған дейін дәмханалар мен мейрамханалардағы даяшылардың көрсеткен қызметі үшінтұтынушылар ақы төлеуге міндетті емес екенін жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады