Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінеді?

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биыл қанша грант бөлінетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Биылғы жылы бакалавриатқа берілетін гранттардың саны 51500 грант, магистратураға 13500 грант болады. Бакалавриатта грантты алу үшін ҰБТ тапсырады. Одан кейін сертификатын алып, байқауға қатысады. Нәтижесінде грант ұтып алуға мүмкіндігі болады. Магистратураға да ҰБТ секілді тест тапсыру арқылы қабылданады. Үміткерлер элекронды форматтағы орталықтандырылған тест нәтижесін алғаннан кейін, құжат тапсырады", - дейді Аймағамбетов. 

Оған қоса, министр диплом және диссертация жұмыстары қалай қорғалатыны туралы ақпарат берді. 

"Биылғы жылы да, алдыңғы жылы да пандемияға сәйкес диплом жұмыстары, магистрлік диссертация қашықтан қорғалады. Ал докторлық диссертация онлайн және дәстүрлі форматта қорғалады", - дейді министр. 

Талқылау