AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды – Бекшин

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында балаларға вакцина қашан салынады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, елімізде коронавирусқа қарсы салынып жатқан вакцинаның барлығы 18 жастан асқандарға арналған.

"Балаларға вакцина салынады екен деген қауесет халықты үрейлендіріп жатыр. Вакцинаның балаларға салынатынын растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Сондықтан мұндай аңыз ақпаратты таратуды доғару керек. Оның барлығы халықты алаңдату мақсатында жасалып жатыр деп ойлаймын. Елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесі қаралмаған", – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, жыл басынан бері бір жасқа толмаған 1180 нәресте коронавирус жұқтырған.

"Ал шілде айының екі аптасында 185 нәресте ауырған. Оларға ата-анасынан, яғни отбасында жұғып жатыр. Бір жасқа толмаған нәрестелер қай жері ауырып тұрғанын айта алмайды. Сондықтан оларды қорғау керек. Оның үстіне 18 жасқа толмаған балалар арасында да аурушаңдық өсіп барады. Былтыр 280 оқушы ауырса, биыл 5 мыңға жетті. Сондықтан қауіпсіздік шараларын ұстануымыз керек", – деді Жандарбек Бекшин.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаның жеңіл түрі егілуі мүмкін екенін жазған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр