Қазақстанда әуесқой аңшыларға ақбөкен аулауға қашаннан бастап рұқсат берілетіні белгілі болды
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әуесқой аңшыларға ақбөкенді аулауға рұқсат берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Сенат отырысында Нысанбаев биыл әуесқой аңшылықты енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
"Биылдан бастап біз киіктерге арналған әуесқой спорттық аңшылықты ашуды жоспарлап отырмыз. Оны жұртшылықпен, аңшылық шаруашылықтармен белсенді түрде талқылап жатырмыз. Әдеттегідей, 1 қыркүйекте аңшылық басталады. Мамыр айында аңшылықтан кейін санақ жүргізіліп, жылдың ортасында нақты санын білетін боламыз. Соның негізінде саны анықталады", - деді министр.
Батыс Қазақстанда буаз ақбөкендерді атуға рұқсат берілді
Айта кетсек, жақында министр Қазақстанда ақбөкен атуға тағы да уақытша тыйым салынғанын айтқан еді. Сондай-ақ Қазақстанда ақбөкендерді спорттық және кәсіптік мақсатта аулауға рұқсат беру жоспарланып отыр.
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады