Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақбөкен атуға тағы да уақытша тыйым салынды

12 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәжіліс алаңында 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ru.wallpaper.mob.org

Мәжіліс алаңында министр мұндай шешімнің отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаудан кейін қабылданғанын түсіндірді. 

"Қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық”, – деді Ерлан Нысанбаев.



 

Сондай-ақ ол Қазақстанда реликттік бөкен популяциясы жаңадан көбеюі болжанғанын түсіндірді.

"Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40% өсті деп айта аламын. Жалпы төлдеу кезінде есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30% болса, тағы да плюс шамамен 700–750 мың бас болады деп күтеміз”, – деді министр.  

Министр 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әуесқой аңшыларға киік атуға рұқсат берілетіні туралы жазған едік. 

Талқылау