Қазақстанда “Әскери баспана” бағдарламасы қайта іске қосылады
Фото: istockphoto.com
Қазақстандықтарға жеке баспана алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар қатары кеңейе түспек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Отбасы банк” АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова соңғы аптада азаматтарда ипотека рәсімдеу бойынша қиындықтар туындап жатқанын атап өтті.
“Осыған байланысты үкімет тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылдады. Келешекте халыққа баспана қолжетімді болуы үшін ипотекалық несие көлемі екі есе артты. Қараша айында “Наурыз" және “Наурыз жұмыскер” бағдарламалары басталады. Жалпы 500 млрд теңге көлемінде несие беріледі”, – деді Ләззат Ибрагимова.
Қаржы министрі жаңа Салық кодексіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанда қай коммуналдық қызметтер бойынша баға көтеруге мораторий енгізіледі
Сондай-ақ “Әскери баспана” бағдарламасы қайта іске қосылмақ.
“Осы бағдарламаның арқасында шамамен 7 мың әскери қызметкер дайын пәтер сатып ала алады. Барлық пәтер Баспана маркет платформасы арқылы сатылады. Пәтерлердің бағасы мемлекет бақылауында. Қазір құрылыс компаниялары 36 айға дейін пәтер бағасын өсірмейтіні туралы алдын ала келісімшартқа отырады", – деді “Отбасы банк” басқарма төрағасы.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағаны туралы жазған едік.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"