Қазақстанда алғаш рет стенд атудан Азия кубогі өтеді
Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген стенд ату спортынан алғаш рет Азия кубогі Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді. Бұл дүбірлі дода 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. Жарыстың басты мақсаты - ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

