Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша әрбір екінші ипотека ЦентрКредит Банкінде ресімделген

ЦентрКредит Банкі 2022 жылы 129 млрд теңгеден астам сомаға ипотекалық қарыз беру туралы өтінімдерді мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2022 жылдың басынан ЦентрКредит Банкі "7-20-25" бағдарламасы бойынша 12 000-нан астам өтінімді қарастыруға қабылдады және қазіргі сәттегі үлесі барлық қазақстандық банктер бойынша берілген ипотекалық қарыздардың жалпы көлемінің 51,3% құрайды. Осылайша Қазақстанда әрбір екінші ипотека ЦентрКредит Банкі арқылы ресімделген.

Банк "7-20-25" бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйге қарыз алу бойынша талаптарды жеңілдетті. Барлық қазақстандықтар үшін мүмкіндікті кеңейту мақсатында ЦентрКредит Банкі енді тек зейнетақы аударымдарының мөлшерінен ғана емес, өзге кіріс көздерінен де табысты растаумен өтінімдерді қарастыруға қабылдайды.
Бірегей, меншікті скоринг жүйесінің арқасында алдын ала мақұлдау 1 минуттан аз уақыт алады және үйден шығудың да қажеті жоқ. 

"7-20-25" бағдарламасына тек бастапқы тұрғын үй қатысады. Ипотекалық кредит 25 жылға дейін және 20%-дан басталатын бастапқы жарнамен беріледі, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% құрайды. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) 7,2%-дан басталады. Тұрғын үй алу үшін дәл қазір деректерді толтырып, алдын ала мақұлдау алыңыз. Өтінімді қарастыру және қарызды ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды (0 теңге).

"ЦентрКредит Банкі "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша көшбасшы позициясында болуын жалғастырып келеді. Біз өз жұмысымызда процестерді жеңілдетуге және клиенттеріміздің уақытын үнемдеуге тырысамыз, сондықтан технологияларды ендіріп,  қызметтерді автоматтандырып отырамыз. Соның арқасында қазақстандықтардың көп бөлігіне ипотеканы ресімдеу әлдеқайда жеңіл әрі түсінікті механизм бола түсті. 33 жыл бойы біз кез келген банктік өнімдер мен қызметтер бойынша парасатты және жылдам шешімдерді ұсына отырып, клиенттермен серіктестік қатынастар құрып келеміз. Бізге білдірген сенімдері үшін барлық клиенттерімізге алғыс айтамыз", ‒ деді "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Хұсайынов.

ЦентрКредит Банкі мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй қарыздарын беруді бастаған қазақстандық қаржы институттарының алғашқысы болды. Банк заманауи технологияларды пайдаланумен ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған бірегей бизнес моделі бар Қазақстанның ең ірі коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Банктің 130-дан астам бөлімшелері бар және Қазақстанның барлық өңірлерінде жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Банк операцияларын және өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 жылы берген №1.2.25/195/34 лицензия.  

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 16 Маусым, 2022 10:21
Талқылау