Қазақстанда 30 мың жасөспірім Вконтакте желісіндегі порно топтарға тіркелген
Елімізде 30 мыңға жуық жасөспірім “Вконтакте” әлеуметтік желісіндегі порно топтарға тіркелген.
Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент ауданындағы Қаратау прокуратурасы “Вконтакте” желісіне мониторинг жүргізіп, нәтижесінде порно суреттер мен видеолар жарияланған 63 топ тапқан.
“Аталған топтарда 8 200 000 адам тіркелген. Олардың 31 247-сі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер. Соның ішінде 2054-і Шымкентте тұрып жатқан балалар.
Мысалы, “Секс” деп аталатын топтың 700 000 тіркелушісі бар. Оның 3 700-і кәмелеттік жасқа толмаған қазақстандық балалар. Ал 229-і Шымкенттен.
Прокуратура жасөспірімдердің ата-анасына қатаң бақылау жүргізуге кеңес берді.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар: ғаламтордағы порнография балаларды бал дәуренінен айырады
Сьюзен Сарандон зейнет жасында қызықты порно фильм түсірмек
Кардашьянның анасы 2007 жылы қызы түскен порно фильмдерді сатқан дееген күдікке ілінді
ШҚО-да оқушыларға порно көрсетті деп айыпталған ұстаз жазаланды