Қазақстанда 250 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтар үшін қосымша 250 мың жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін келесі шаралар қарастырылған. Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға бюджеттен 1 триллион теңге бағытталады. Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 250 мың жұмыс орны ашылады", - деді Әлихан Смайылов.
Министр бизнестің жол картасын жүзеге асыруға қосымша 84,5 миллиард теңге бағыттау жоспарланғанын атап өтті.
"Кәсіпкерлердің несиелері бойынша субсидиялау және кепілдік беру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту қарастырылған. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын ашуға және 250 миллиард теңгеден астам салық түсіміне мүмкіндік береді", - деді ол.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп