Қазақстанда алдағы күндері 32°C-қа дейін ыстық болады
"Қазгидромет" баспасөз қызметі антициклон сілемі бойынша еліміздің көптеген аймағында жаңбыр жаумайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pexels
"Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен қоса, екпінді жел болады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар күндізгі ауа температурасы батыста және оңтүстікте +25 және +32 °C , солтүстікте және орталықта +20 және +28°C аралығында ысиды. Ал еліміздің шығысында +17 және +25 °C күн ақырындап жылиды.
Еске салайық, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде мамыр айында 40 градусқа дейін аптап ыстық болатыны туралы жазған едік.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын