Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Қазақстанда жаз айларында өрт қаупі жоғары болады – Қазгидромет

"Қазгидромет" гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт биыл еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі сақталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Синоптиктің айтуынша, ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары аналогты жылды таңдауға және климаттың сандық үлгілерін талдауға негізделген. 2024 жылғы мамырда жыл аналогы 2001 жыл, жаз үшін жыл аналогы 1994 жыл болып таңдалды.

“Биыл мамыр мен жазға арналған консультативті ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдау ескерілді. Осылайша мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады”, – деді Марина Шмидт брифингте.



Оның айтуынша, жазғы болжамдар мен өрт қаупіне қатысты болжамдар онкүндікке, бір аптаға және 2-3 күнге жаңартылады. Жоғары және төтенше өрт қаупі болған жағдайда дабылды ескерту жарияланады.

Бұған дейін мамыр айында аптап ыстық болатыны туралы жазған едік.

Талқылау