Қазақстан шекарасы арқылы жүк көліктерін өткізу үшін төлем мөлшері белгіленді

Фото: pixabay.com
Қаржы министрі шекара арқылы автокөліктер, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ электронды кезекпен өту үшін алынатын төлемдерге өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 қыркүйектегі Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, өзгерістер мемлекеттік шекара электронды кезекпен өту үшін алынатын төлемдерге енгізілген.
Жаңа ереже бойынша, төлем мөлшері мынадай:
- Жүк көліктері, соның ішінде тіркемесі бар машиналар мен тартқыш көліктер. Электронды кезек арқылы алдын ала броньмен өтуі – 1 АЕК (2025 жылы 3 932 теңге);
- Кезектен тыс өткізу – 1 АЕК;
- Жеделдетілген тәртіппен өткізу – 100 АЕК (393 200 теңге);
- Қайта брондау кезінде пайдаланылатын слот үшін өткізу – 100 АЕК;
- Көлікті электронды кезек жүйесі арқылы өткізу үшін кепілдік жарна – 20 АЕК (78 640 теңге).
Н.Сац атындағы театр нысанының қазіргі көрінісі алғашқы эскизге сәйкес келмейді: Жоба нобайы не себепті өзгертілді
Урбанист: "Қасбетке елеулі өзгеріс енгізілсе, жоба қайта келісілді деген сөз"
Қазақстан электр тапшылығына дайын ба: Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі нені көрсетті?
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"