"Қазақстан" шахтасындағы өрт: Полиция қасақана өрт қою туралы қауесетті жоққа шығарды
Қарағанды облыстық полиция департаменті "Қазақстан" шахтасындағы өртті қасақана тұтатуы мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде бұған дейін Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында өртке қатысты дерек тараған.
"Әлеуметтік желі мен кей ақпарат агенттіктерінде Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, "Қазақстан" шахтасында өртті қасақана тұтатуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр, өрттің себебін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар полиция тұрғындарды қауесеттерге сенбеуге шақырды.
Еске салайық, “Қазақстан” шахтасында өрт 17 шілдеде басталған еді. Салдарынан 5 кенші көз жұмды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"