"Қазақстан" шахтасындағы апат: тергеу жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында өрт шыққан "Қазақстан" шахтасының қазіргі жағдайы не болып жатқанын айтты. Ведомство ақпаратынша, шахтадағы апатты тергеу тағы 10 күнге созылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр, көмек көрсету үшін 14 кенші жұмылдырылған.
Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.
“Сонымен қатар шахтадағы өрт ошақтары әлі сөндіріліп жатыр. Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды”, - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске салсақ, 17 тамыз күні сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 кенші болған, оның 222-сі құтқарылды. Өкінішке қарай, апат салдарынан бес адам қаза тапты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"