Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан Ресейдің сыйлығы" деген ресейлік депутат енді қазақстандықтарға алғыс айтты

Еліміздің солтүстік өңірін «Ресейдің Қазақстанға берген сыйлығы» деп айтқаны үшін басы дауға қалған Дума депутаты Вячеслав Федоров енді қазақ халқына алғыс білдіріп, ағынан жарылды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Федоров 1812 жылы Наполеон әскерін тек қазақ жасағының көмегімен ғана жеңе алғандарын алға тартып, керісінше бұл жеңіс - қазақ елінің Ресейге жасаған сыйлығы екенін атап өтті. Одан бөлек, тарихта қазақ халқы орыстардың Отанын талай рет сақтап қалғаны үшін басын иіп, рахметін жеткізді.

«Иә, бұл - қазақ халқының ресейліктерге жасаған сыйлығы. Бұны біз ашық айта аламыз. Өйткені, біздің қазақтарға деген алғысымыз шексіз. 1812 жылы Наполеон әскерін қазақ жауынгерлік жасағының көмегімен ғана жеңдік. 1945 жылы Мәскеуді қорғап қалған 28 панфиловшының ерлігі де ел есінде. Қазақ халқының Ресейге жасаған осындай сыйлықтары үшін басымды иемін», деді Вячеслав Федоров.

Айта кетейік, Ресей Думасының депутаты, тарихшы, профессор Вячеслав Никоновтың "Большая игра" бағдарламасында айтқан сөзі қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

Талқылау