Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейдің арасына ешкім сызат түсіре алмайды – Сергей Лавров

Қазақстан мен Ресейдің арасына ешкім сызат түсіре алмайды, деп санайды Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл жөнінде ол "Международная жизнь" журналына айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лавров

Саясаткер Қазақстан мен Ресейдің арасындағы қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайтынын жеткізген.

"Біздің арамызға ешкім сызат түсіре алмайды. Өзара сенім деңгейі біздің елдеріміздің алдына өмірдің кейде қоятын кез келген, тіпті ең күрделі мәселелерін ашық талқылауға және оларды шешудің өзара қолайлы жолдарын келісуге мүмкіндік береді. Мұнымен біз тоқтап қалмаймыз. Біз аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолында бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты қарым-қатынастарды жаңа белестерге шығару мүддесі жолында бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деді Лавров Лавров Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай білдірген пікірінде.

Лавров сондай-ақ өмірлік маңызды салаларда, ғылыми және білім беру саласында ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сөзінше, Ресей мен Қазақстанның транзиттік әлеуетінің артықшылықтары тиімді пайдаланылып жатыр. Шағын және орта бизнес арқылы байланыстар кеңейіп, әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бойында ынтымақтастық дамып келеді.



Ол "Байқоңыр" ғарыш айлағының стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екеніне назар аударып өткен. Оның айтуынша, қаланы ресейлік-қазақстандық достық пен ынтымақтастықтың символы деуге болады.

"Мәскеу мен Астананың еуразиялық кеңістіктегі жемісті ынтымақтастығын ерекше атап өткім келеді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияны тереңдету, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты, ең алдымен, ҰҚШҰ арқылы нығайту бойынша жүйелі қадамдар жасалуда. Біздің ортақ бірлестігіміз – ТМД-да көптеген өзара тиімді бастамалар жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты біздің көшбасшыларымыз, үкімет басшылары, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағалары арасындағы құпия диалогтың рөлін асыра бағалау қиын", - деді Лавров.

Еске салайық, бұған дейін Лавров Қазақстанда орыс тілділерге қатысты ксенофобиялық көзқарастың барын айтқан. “Өкінішке қарай, соңғы уақытта Қазақстандағы орыс тілді азаматтарға қатысты ксенофобия туындаған жағдайлардың куәсі болдық. Көп жағдайда бұл жергілікті ұлтшылдықты өршіту және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіру мақсатында орындалып жатқаны байқалады”, – деген ол.

Талқылау