Қазақстан мектептерінде оқулық орнына планшеттер қолданысқа ене ме – Министрлік жауап берді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мектеп оқулықтарын планшеттерге алмастырмау туралы шешім қабылданбайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр тапсырмаға сай әр балаға оқулықтың орнына планшет қолдану ұсынылғанын алға тартты.
“Бірақ салалық министрлік, Оқу ағарту министрлігі бұл мәселені пысықтап, енді оқу үдерісіне инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынуда. Олардың бұл тұрғыда көзқарас, пікірі бөлек. Сондықтан біз де олардың пікіріне сүйенеміз", - деді министр үкімет отырысында.
Еске салсақ, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылы мектеп пәндері толығымен электрондық форматқа көшірілетінін айтқан болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"