Қазақстан мазутты экспорттауға арналған кедендік салықтың төмендетілген мөлшерлемесін алып тастамақ
Қазақстан мазутты экспорттауға арналған кедендік баж салығының маусымдық төмендетілген мөлшерлемесін алып тастамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay
Шығарылатын мазуттың баждық салығы Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығы жобасында жазылған.
"Экспорттық кедендік баждары қолданылатын тауарлардың тізбесінде ставкалардың мөлшері мен олардың қолданылу мерзімі 2-бөлімде. Шикі мұнай және әкету кедендік баждары қолданылатын мұнайдан өндірілген тауарлар, ставкалардың мөлшері және олардың қолданылу мерзімі бұйрықта. Мазуттар 1 тоннаға 30 долларға тұрақты болады", - делінген хабарламада.
Негіздемеге сәйкес, Сыртқы сауда саясаты және Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарына қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2024 жылғы 10 маусымдағы қорытындылары бойынша 1 мамыр мен 31 тамыз аралығында қолданыста болған мазутты әкетуге арналған экспорттық кедендік баждың маусымдық төмендетілген мөлшерлемесін алып тастау тапсырылды.
"Бұл шараның негізі мақсаты өндірістің жоғары кезеңінде мазут экспортын шектеу арқылы ішкі нарықты қанықтыру", - деп түсіндірді құжатты әзірлеушілер.