Қазақстан құрамасы қатарынан екінші рет батуттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды
Қазақстанның батуттық гимнастикадан ерлер құрамасы Италияның Риччоне қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдегерлер қатарына ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы синхронды секіруде сәтті өнер көрсетті.
Отандастарымыз арасынан қола жүлдені Роман Барков пен Ерлан Тасманамбетов жеңіп алды. Олар өздерінің өнері үшін 51,090 ұпай жинады.
Әлем кубогында Германиядан келген жұп 51,570 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Ал күміс медальды Франция спортшылары (51,350 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогы кезеңінде де қазақстандықтар жүлде алған болатын. Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медальға ие болған еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған

