Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмендеді
Футболдан соңғы 8 ойында жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгеріп, төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы қарашада Ұлттар лигасы аясында өткен матчтардан кейін FIFA рейтингінде төмендеді. FIFA-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы үш сатыға төмендеп, 110-орынға жайғасты. Аргентина көш басында қалса, екінші Франция, үшінші Испания тұр.
28 қарашада жаңартылған ФИФА рейтингі:
1. Аргентина – 1867,25 ұпай;
2. Франция – 1859,78;
3. Испания – 1853,27;
4. Англия – 1813,81;
5. Бразилия – 1775,85;
6. Португалия – 1756,12;
7. Нидерланд – 1747,55;
8. Бельгия – 1740,62;
9. Италия – 1731,51;
10. Германия – 1703,79…
110. Қазақстан – 1180,18.
Айта кетейік, қарашада Қазақстан құрамасы екі рет жеңіліске ұшырады. Алдымен өз алаңында Аустрияға (0:2), кейін сырт алаңда Норвегияға (0:5) есе жіберді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

