Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарын бір алтынмен аяқтады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындары соңына жетті.

Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарын 20-шы орында аяқтады. Бұл орынды біздің спортшылар Қытай құрамасымен бөлісті. Қос құраманың қоржынында бір алтыннан бар.

Айта кетейік, шаңғышы Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық жүріс спринтінде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынған болатын.

Жалпы есепте көшбасына АҚШ құрамасы шықты. Америкалық спортшылар 36 жүлдені (13 алтын, 15 күміс, 8 қола) жеңіп алған. Екінші орында Ресей спортшылары — 34 (8-10-16). Үздік үштікті канадалық спортшылар түйіндеді. Олардың қоржынында 28 жүлде (8-4-16) бар.

Оқи отырыңыз:

Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінде жеңіске жетті

«Канелоның» допинг сынамалары таза болып шықты

Танымал КВН-ші «Астана» футбол федерациясының президенті атанды

Головкин мен “Канелоның” қарымта кездесуіне арналған кезекті трейлер жарияланды (видео)

Талқылау