Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма: Министрлік жауап берді
АҚШ ауғанстандық босқындарды қабылдауға байланысты Қазақстанға ресми түрде өтініш білдірген жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2 шілдеде Bloomberg АҚШ Орталық Азияның үш мемлекеті – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына өз аумақтарында "Талибанға" қарсы күресте Америка армиясына көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюды өтінген болатынын жазған.
"Сыртқы істер министрлігіне америкалық тараптан ресми өтініш түскен жоқ", – деп хабарлады сыртқы саяси ведомствода.
- Саясаткер 9 мың ауғандықты елге уақытша паналату туралы: Мемлекет даяр тұруы керек
Айта кетсек, бұдан бұрын АҚШ елшілігі Қазақстанда ауғандықтарды паналату туралы өтінішке түсініктеме берген болатын.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"