AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар: Қазақстан Тәжікстанға әскер жібере ме

Қорғаныс вице-министрі Тимур Дәндібаев Қазақстан Тәжікстанға көмекке әскер жібереді ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскер

Министр орынбасары бұл тұрғыда шешімді Қазақстан Парламенті мен халықаралық ұйымдар қабылдайтынын алға тартты. 

"Халықаралық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, қолдау үшін қандай да бір контингентті жіберу үшін бізге бірнеше шарт керек. Ол шарттың бірі – екі тараптың бірі Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына көмек сұрап жүгінуі тиіс. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім шығуы қажет. Әрине, ол шешімді біздің елдің Парламенті ратификациялап, халықаралық миссия атқаратын контингенттің жіберілуіне рұқсат беру керек. Осы шарттардың бәрі орындалған жағдайда біз сәйкесінше өзіміздің халықаралық міндеттерімізді орындауға дайынбыз", – деді вице-министр. 

Сөзінше, қазіргі таңда бұл мәселе жайлы болжам жасам қиын.

"Ауғанстандағы қазіргі әскери-саяси ахуал айтарлықтай күрделі. Дәл қазір қандай да бір болжам жасау қиын. ҚР Қорғаныс министрлігі Ауғанстан төңірегіндегі ахуал туралы ақпараттарды үнемі өзектілендіріп отыр. Оның ішінде шетелдік әріптестермен, өңірлік ұйымдармен өзара әрекеттерді жіті пысықтап отыр. Сондықтан аталған бағытта әзірге нақты мәлімет айта алмаймыз. Жағдайды қадағалап, тиісті шешім қабылдап жатырмыз және күту режимінде тұрмыз", – деп қосты ол.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр