Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаткер 9 мың ауғандықты елге уақытша паналату туралы: Мемлекет даяр тұруы керек

Саясаткер Расул Жұмалы АҚШ-тың 9 мың ауғандықты елге уақытша паналату туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Саясаткер сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың анық-қанығын айтудан не себепті бас тартып отырғанын түсіндірді.

“Америка өз әскерін шығарып осы жерден кетеді. Ал Ауғанстанмен көрші біз қаламыз. Бұл жерде басқа да тараптар бар. Ресей сияқты. Сондықтан біздің дипломаттардың әзірше осы мәселе бойынша ашық жария түрде бір шешімді айтып отырмауы негізді деп білемін. Міндетті түрде дипломатия мен саясатта болып жатқан түрлі әңгімелерді, олардың түрлі астарларын айтып салу меніңше шарт емес. 9 мың азамат кім қалай қарамасын Ауғанстанның заңды азаматтары. Олардың өкілдерін Қазақстанға немесе Орта Азияға көшіріп алатын болсақ Ауғанстанның ішкі істеріне араласқанымыз болып саналмай ма? Американың өзі бұған дейін ұқсас операцияларды жүргізген. Өзіне одақтас ирандықтарды өте көп мөлшерде Америкаға көшіріп алған. Қазірдің өзінде сондай қауқары бар, сондай қаржылары мен мүмкіндіктері бар. Неліктен оны қолданбайды? Осы мәселелерді реттейтін халықаралық тетіктер бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы босқындар ісі бойынша жоғары комиссариаттар бар. Олар дәл осы мәселе бойынша резолюция қабылдап, тиісті шешімдерге халықаралық мәртебе бере алады.

Сол жердегі тәлібтер немесе радикалды діни күштер ертең осы Ауғанстанның аумағымен ғана шектелмей, солтүстікке қарай барып халифатты орнатамыз десе әлбетте бұл бүкіл аймақ пен оның тұрақсыздығына кері әсерін тигізетіні анық. Осындай мәселелер тек қана дипломатиямен тұрғыда шешіле ме? Иә болмаса, мемлекеттердің саяси әскери әлеуеті қажет бола ма? Меніңше бұл да үлкен мәселелердің бірі. Біз пандемия деп жүріп, түрлі дағдарысты жағдайлар деп жүріп немесе өз ішіміздегі былықтарды айтып жүріп, осындай сырттан келген түрлі тәуекелдерді де ұмытпай әр кез есте ұстауымыз қажет. Оған төтеп беретін бір аймақтық немесе мемлекеттің өз ішіндегі әлеуеті де даяр тұруы керек”, – дейді Жұмалы.

Бұған дейін АҚШ елшілігі Қазақстанда ауғандықтарды паналату туралы өтінішке түсініктеме берген болатын.

Талқылау