Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан атом электр станциясы қай жерде орналасатынын шешті – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр станциясы салынатын жерді таңдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: @pixabay

"Қазақстан қазіргі таңда атом электр станциясының қай жерде орналасатынын шешті. Қазір әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерделеп жатырмыз", - деді Тоқаев астанада өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысында.

Президент болашақ АЭС орналасатын аймақты атаған жоқ.



Ол Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бәсекелес басымдықтарға ие екенін атап өтті. Республика табиғи уранды өндіру бойынша әлемде бірінші орын алады.

Өзінің ядролық отын өндірісі және уранды байытуға арналған мүмкіндіктері бар.

Жиыннан кейін энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылы ауданында салынатынын мәлімдеді. 

"Атом станциясының орналасатын жерін анықтадық. Ол Балқаш көлінің ауданы, Алматы облысы Үлкен ауылы аймағында. Осы жылы геология, экология, сумен байланысты мәселелер зерделенеді. Осыдан кейін нақты координаттор анықталады. Қазір мен учаскенің нақты координаттарын айта алмаймын", - деді Ақшолақов астанада өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Талқылау