AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстан билігі елдің энергетикалық балансында 2035 жылға дейін қуаттылығы 2,4 ГВт болатын атом электр станциясын (АЭС) салуды жоспарлауда. Бұл жөнінде жұма күні өткен ведомствоның алқа мәжілісінде энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елдің энергетикалық балансында негізгі генерацияның жаңа көзі ретінде белгіленген қуаты 2,4 ГВт болатын атом электр станциясы қарастырылған", - деді министр. Ақшолақовтың айтуынша, құрылыс жоспары 2035 жылға дейін деп есептелген.

"Әзірленген энергетикалық балансқа сәйкес 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт/сағ құрайды. Сонымен бірге қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің генерациясы бірқатар объективті себептерге байланысты төмендейді және шамамен 89 млрд кВт/сағ құрайды. Қолданыстағы энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттіліктерін өтей алмайды", - деп түсіндірген министр.



Ол осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаттылығы 17,5 ГВт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы көшбасшылықты сақтап қалу және экономикаға инвестиция салу үшін елде атом электр стансасын салу аса қажет екенін айтқан.

Қазақстандықтар арасында бұл мәселе үнемі қызу талқыланып келеді. Тұрғындардың бірі АЭС қажет десе, екінші бөлігі кереғар пікір білдіреді. 

Өткен жылдың 30 қыркүйегінде Ресей президенті Владимир Путин егер Қазақстан атом электр станциясын салса, көмектуге дайын екенін жеткізген.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр