AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика министрлігі Қазақстан АЭС салуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қаражат туралы айтар болсақ, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты болып отыр. Бірақ болжамды сома осы", –  деді Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол қаржыландыру көзі келіссөздер барысында пысықталатынын түсіндірді. Өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі механизмдері бар.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов Қазақстанда АЭС құрылысы 6 халықаралық компанияның ұсынысымен зерттеліп жатқанын хабарлаған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр