Қазақстан әлемдік рейтингте жемқорлық белең алған елдердің қатарына қосылды
Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингінде ең нашар елдердің қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан жемқорлықтан таза елдер рейтингінде 87 елдің ішінде тек 75-орынға тұрақтаған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек Қазақстан Гватемала мен Кения арасында тұр.
Ал Өзбекстанда Қазақстанға қарағанда жемқорлық аз, ол 68-орында. Сонымен қатар Украина 48-орын, Әзірбайжан 62-орынға жайғасты. Ал Ресей рейтингте ең соңғы орында, оның алдында – Иран.
Жемқорлық өте аз елдердің алғашқы ондығына Швейцария, Канада, Швеция, Австралия, Нидерланды, Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия және Норвегия кіреді.
Зерттеу барысында 17,5 мың адамнан сауалнама алынған.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді